Аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 11 қаңтарындағы 06-01-06/2891 санды хатына сәйкес«Балапан» бөбекжай – бақшасында өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін үйрету және алдын алу шараларына арналған іс шаралар өткізілді. Индер ауданы төтенше жағдайлар бөлім №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, құтқарушысы Азаматтық қорғау кіші сержанты Д.Мұқамбет келіп топ тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі туралы, өрттен қорғану, өрт шыққан жағдайда шұғыл түрде 101 телефонына қоңырау шалу жөнінде ақпараттар берді. Сонымен қатар өрт сөндіргіш құралымен таныстырып, қалай пайдалану керектігі туралы да айтып өтті. Тәрбиеленушілерге өрттің қарапайым ережелері және оның алдын алу, қорғану мақсатында әр түрлі видео роликтер, суреттер көрсетілді. Өткізілген іс – шаралар туралы мәліметтер бөбекжайдың әлеуметтік желісіне жарияланды.